"Біртүрлі" әрекетімен Алматы облысы тұрғындарын шошытқан жігіт ұсталды (фото)

0
1 137

​26 жастағы ер адам ерсі әрекетімен тұрғындардың үрейін қашырған.


ERNUR.KZ. Алматы облысы Іле ауданының полициясы ерсі әрекетімен әйелдер мен балалардың зәресін алған 26 жастағы жігітті ұстады, деп жазады sputniknews.kz.

Саяжай алабының тұрғындарын шошытқан жігіт туралы ақпарат шілде айында әлеуметтік желі арқылы тараған болатын.

Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам жолға жүгіріп шығып, жүргіншілерге жыныс мүшесін көрсеткен. Кейін оқиға орнынан ізін суытып отырыпты. Күдікті бұл ерсі әрекетімен саяжай тұрғындарының үрейін қашырған.

Әлеуметтік желіде пост жазған автор тұрғындарды қорқытқан ер адамды алыстан видеоға түсіріп алыпты. Осылайша, ол полицияға арызданған.

Тәртіп сақшылары видео сапасының нашар болғанына қарамастан, күдіктіні іздеу үшін жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіпті.

Сондай-ақ, патрульдік полиция қызметінің жұмысы да күшейтілген.

"Жақында Іле аудандық полициясы Өтеген батыр ауылының 26 жастағы тұрғынын ұстады. Ол кісіні арызданушы таныды. Ер адам өзінің ерсі әрекетін мойындап, сол күні "мас болдым" деп ақталмақшы болды", - делінген Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған эксгибиционист ұсақ қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Саяжай алабының тұрғындары күдіктіні ұстағаны үшін полицияға алғысын білдірді.

Әлеуметтік желіде жергілікті тұрғындар күдіктінің әйелі мен баласы бар екенін жазуда.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсталған ер адамның басқа да құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғын тексереді.