Жалпы, тоғыз ай ішінде қазақтар түрік елінен 1838 нысан сатып алған.
ERNUR.KZ. Биылғы жазда қазақстандықтар Түркиядан 739 жылжымайтын мүлік сатып алған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Отандастарымыз түрік еліндегі шетелдіктер арасында үй сатып алу бойынша төртінші орында тұр.
«2022 жылдың жазында Қазақстан азаматтары Түркияда 739 жылжымайтын мүлік сатып алған. Бұл – соңғы бес жылдағы рекордтық көрсеткіш. Бір қызығы, осы елден жылжымайтын мүлік сатып алып жатқан жерлестеріміздің саны жыл өткен сайын көбейіп келеді: 2017 жылы жазда – 85, 2018 жылы – 130, 2019 жылы – 177, 2020 жылы – 180, 2021 жылы – 507 нысан. Бұған Түркияның жер кадастры басқармасының деректері дәлел», - деп жазады Рrokadrykz Тelegram-арнасы.
Айта кетерлігі, 2022 жылдың тоғыз айында Қазақстан азаматтары түрік елінен 1838 жылжымайтын мүлік (+63%) сатып алған. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде отандастарымыз 1129 нысан сатып алған болатын.