Оқыс оқиға бүгін Орал-Ақсай тасжолының 70-шақырымында орын алған.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында жол апаты орын алып, соның салдарынан бір адам қаза тапты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Оқыс оқиға бүгін, 22 қыркүйекте сағат 09.21-де Орал-Ақсай тасжолының 70-шақырымында болды.
Ведомство мәліметінше, Теректі ауданы Долинный ауылы тұсында "Хонда" мен "Лада Приора" көліктері соқтығысты.
Құтқарушылар "Хонда" автокөлігінің салонынан қыстырылып қалған 1964 жылғы ер дамды алып шықты.
Жол апаты салдарынан 1985 жылы туған адам көз жұмды.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.