БҚО тасжолында полиция көлігінің макеті ұрланған

0
561

Құқық қорғау органдары макетті жергілікті тұрғындардың бірі ұрлап кеткенін анықтаған.


БҚО тасжолында полиция көлігінің макеті ұрланған

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының полицейлері Чапаев-Жалпақтал-Қазталовка тасжолы бойында тұрған патрульдік автокөлік макеті жоғалып кеткенін анықтады, деп жазады Tengrinews.kz.

Құқық қорғау органдары макетті жергілікті тұрғындардың бірі ұрлап кеткенін анықтаған.

"Макеттің жоғалып кеткені 23 қыркүйекте түнде анықталды. Жедел іздестіру шаралары кезінде макет табылды. Оны ұрлаған күдікті ұсталды. Ол қырық жастағы ер адам. Бұрын сотталмаған. Тергеу ұрлық себебін анықтап жатыр", - деді БҚО ПД баспасөз қызметі өкілі.

Енді осы факт бойынша ҚР ҚК-ның 188-бабы 1-бөлігі "Ұрлық" бойынша соталды тергеу басталған. Ер адам үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полиция көліктерінің макеті Қазақстан жолдарында 2019 жылы жол қауіпсіздігі мен көлік жүргізушілері жылдамдықты асырмауы үшін орнатылған.