​БҚО-да 1300 ірі қарадан сарып ауруы анықталды

0
1 650

Батыс Қазақстан облысында 150 мыңдай ірі қараға жасалған диагностикалық сараптама нәтижесінде 1 мың 300 бастан сарып ауруының белгілері анықталған. Ветеринарлық талаптарға сәйкес дертке шалдыққан мал 15 күннің ішінде арнайы орындарға жеткізіліп, етке өткізілуі тиіс.


​БҚО-да 1300 ірі қарадан сарып ауруы анықталды


Батыс Қазақстан облысында 150 мыңдай ірі қараға жасалған диагностикалық сараптама нәтижесінде 1 мың 300 бастан сарып ауруының белгілері анықталған. Ветеринарлық талаптарға сәйкес дертке шалдыққан мал 15 күннің ішінде арнайы орындарға жеткізіліп, етке өткізілуі тиіс, деп хабарлайды 24.kz

Ондай орындарға тегін жеткізетін арнайы көліктер де бар. Ал ет комбинаттары қазір мұндай мал етінің әр келісін 1000 теңгеден сатып алуда дейді облыстық ветеринария басқармасының мамандары. Айта кету керек, қазір өңірде сібір жарасы мен нодулярлы дерматит секілді аса қауіпті ауруларға қарсы екпе жасау қолға алынған. Қазбек Тәшімов, облыстық ветеринарлық басқармасы басшысының орынбасары: – Сойылғаннан кейін ветеринарлық ережеге сәйкес 12 сағат тоңазытқышта тұрғаннан кейін немесе патологиялық өзгерістер болған жағдайда арнайы термиялық өңдеуден өтеді. Яғни бруцеллез малдың еті егер де пісірілген шұжық немесе консервіге өңделген жағдайда бұл ешқандай зияны жоқ. Ол ғалымдармен дәлелденген, тиісті заңнамада солай белгіленген.