Бұдан былай басында несиесі барлар қайта қарыз ала алмайды

0
573

Бұл – қазақстандықтардың несиелік жүктемесін азайтуға бағытталған қадам.


Бұдан былай басында несиесі барлар қайта қарыз ала алмайды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Жаңа заңға сәйкес, басында несиесі бар қазақстандықтар қайта қарыз ала алмайды. Сондай-ақ Несие бюросына берілген қарыз туралы ақпаратты жеткізу уақыты 15 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқарады. Микронесие бойынша сыйақының шекті мөлшері мен айыппұл көлемі шектеледі.

Бұл – қазақстандықтардың несиелік жүктемесін азайтуға бағытталған қадам.

«Микронесиелік ұйымдарға қарыз азаматтардың жүктемесін қысқарту үшін микронесие бойынша артық төлемді екі есеге – микронесие сомасынан 100-ден 50 пайызына қысқарту ұсынылады», – деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова.