Қазақстандық мейрамханалар әлемдік La Liste рейтингіне енді

0
107

La list жариялаған жаңа рейтингіге сәйкес, тоғыз мейрамхана 99,5 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды.


Қазақстандық мейрамханалар әлемдік La Liste рейтингіне енді

Фото: restolife.kz

ERNUR.KZ. La Liste жасаған 2025 жылдың ең үздік 1 000 мейрамханасы тізіміне 4 қазақстандық мейрамхана енді. Бірінші орынды АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария, Франция, Германия, Жапония және Қытай елдерінің мейрамханасы өзара бөлісті, деп жазады inform.kz.

La list жариялаған жаңа рейтингіге сәйкес, тоғыз мейрамхана 99,5 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Олар:

Cheval Blanc by Peter Knogl — Grand Hôtel Les Trois Rois — Швейцария;

Guy Savoy — Франция;

LEnclume — Simon Rogan — Ұлыбритания;

La Vague dOr — Le Cheval Blanc — Франция;

Le Bernardin — АҚШ;

Lung King Heen — 龙景轩 — Қытай;

Matsukawa — 松川 — Жапония;

Schwarzwaldstube — Германия;

ingleThread — АҚШ.

Төрт үздік қазақстандық мейрамхана ішінде Алматыдағы «Огонёк» мейрамханасы ең жоғары балл алды – 76,5.

Ал Астанада орналасқан «Qazaq Gourmet» және «Selfie» 76 ұпай жинаса, Алматы қаласындағы «Қазақ ауылы» 75 ұпайға ие болды.

Осылайша, төрт қазақстандық мейрамхана La Liste нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік 1 000 мейрамхананың қатарына енді.