Еңбегі мен адалдығы өскелең ұрпаққа үлгі болатын ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймыз.
ERNUR.KZ. 21 сәуір – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің құрылған күні. Мемлекеттік күзет қызметінің миссиясы маңызды әрі жауапты – мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғалары мен шетелдік қонақтардың, стратегиялық объектілер мен мемлекеттік маңызы бар іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Темірдей тәртіп, жоғары деңгейдегі дайындық, жауапкершілік пен борышқа адалдық – осының бәрі Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлеріне тән қасиеттер.
Еңбегі мен адалдығы өскелең ұрпаққа үлгі болатын ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймыз. Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген азаматтарға денсаулық пен амандық тілейміз!