Даңғаза ақциялар мен даурықпа шаралардан бас тартамыз - Тоқаев

0
1 447

Алдағы жыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тойланады.


Даңғаза ақциялар мен даурықпа шаралардан бас тартамыз - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығы халық үшін нақты істер мен жаңа жобалармен қарсы алу керек екенін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Алдағы жыл - межелі кезең. Бұл жыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтеді. Бұл өткенге көз жүгіртіп, қорытынды жасайтын уақыт. Халқымыз үшін осы маңызды датаны нақты істермен және жаңа жобалармен қарсы аламыз. Даңғаза ақциялар мен даурықпа шаралардан бас тартып, бүкіл іс нақтылыққа құрылатын болады. Экономика, әлеуметтік сала, экологиядағы жүйелі шаралардың көлемді кешенін іске асыруды жалғастырамыз. Тұрғындардың барлық топтарының, әсіресе жастар, әйелдер, мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктеріне баса мән береміз. Біз еліміздегі саяси жаңғырту үдерісін жалғастыра береміз", - деді Президент.