​ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ ҚОРҒАУ ТРЕНИНГІ ӨТУДЕ

0
153

Акция 25 қарашада Қызылорда қаласында бастау алып, бүгін Шымкентте жалғасын тапты.


​ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ ҚОРҒАУ ТРЕНИНГІ ӨТУДЕ

Шымкент қаласы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында әйелдердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған «Empowerment through Self-Defense» (ESD) әдістемесі бойынша тренинг өтіп жатыр.

Іс-шара ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен, БҰҰ Әйелдер құрылымы мен Гендерлік зорлық-зомбылықты жою жөніндегі Орталық Азия альянсының ұйымдастыруымен жүзеге асуда. Шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» акциясы аясында өткізілуде.

ESD әдістемесі әйелдердің өзіне деген сенімділігін нығайтуға, өз-өзін қорғау дағдыларын қалыптастыруға және қиын жағдайларда тиімді әрекет етуді үйретуге бағытталған. Тренингтің мақсаты – қатысушыларға физикалық және психологиялық тұрғыда қолдау көрсету.
Акция 25 қарашада Қызылорда қаласында бастау алып, бүгін Шымкентте жалғасын тапты. Тренингтің жаттықтырушысы Ләйлә Исламованың айтуынша, бұл сабақтар әйелдерге қауіпті жағдайлардан сақтану мен қорғанудың тиімді жолдарын меңгеруге көмектеседі.
Шара - 27-28 қараша күндері Шымкент қаласында өтеді. Оған қала тұрғындары, ҮЕҰ өкілдері және студенттер қатысуда. Ұйымдастырушылар барлық әйелдерді бұл маңызды шараға белсене қатысуға шақырады.
Бөлісу