Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда анықталған АИТВ фактісі бойынша тексеруді бастады

0
419

Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында ВИЧ індетін жұқтырған үш адам анықталды.


Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда анықталған АИТВ фактісі бойынша тексеруді бастады

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ індетін жұқтыру фактісі бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізуді бастады, деп жазады zakon.kz.

Ведомство ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ЖИТС орталығының мамандары Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында (ОҚКБ) ем қабылдаған адамдардың арасында АИТВ-оң мәртебесі бар үш жағдай анықталғанын нақтылады.

"Осы факті бойынша ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттері тексеруді бастады. Комиссияның құрамына ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының мамандары тартылды".ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Қосымша ақпарат комиссия жұмысының қорытындысы негізінде беріледі.

Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында ВИЧ індетін жұқтырған үш адам анықталды.