Аукционға қатысуға өтініштерді 28 сәуірге дейін беріп үлгеру керек.
Фото: jasqazaq.kz
ERNUR.KZ. 2025 жылғы 28 ақпанда 10 қазанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукционды өткізуге берілген өтініштер негізінде аукцион өткізу туралы және оны өткізу шарттары туралы хабарлама орналастырылды. Хабарламада "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" ҚР Кодексінің 95-бабының 2-тармағында көзделген ақпарат қамтылады, деп жазады inbusiness.kz.
Сауда e-qazyna сайтында (сілтеме: www.e-kazyna.kz) өтеді.
Аукционға 11 жер қойнауы учаскесі шығарылып отыр. Бұл жолы 15 млн долларға дейін бағаланған кен орындары аукционға қойылады.
Аукцион негізінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын берудің шарттары мен тәртібі Кодексінің 93-99-баптарында және Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларында (ҚР Энергетика министрлігінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрығы) көзделген.