Жәбір көрген баланың ата-анасы қоғам белсенділеріне жүгініп, шағымданды.
Сурет: Zakon.kz
ERNUR.KZ. "Семья и дети" қоғамдық қорының парақшасына бір топ бала құрдас баланы аяқпен теуіп, ұрып жатқан видеосы түскен, деп жазады zakon.kz.
Жәбір көрген баланың ата-анасы қоғам белсенділеріне жүгініп, шағымданды.
"8-12 жастағы ұлдар ауладағы балаларға тыныштық бермейді. Олар балаларды итеріп, қорлайды, шабуылдайды және жаппай ұрады. Ата-аналары әрекетсіздік танытып жатыр", - деп жазды желі қолданушысы.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаның барлық қатысушысы анықталды. Кәмелетке толмағандар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді.
"Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", - деп хабарлады департамент.
Соттың шешімі бойынша материалдар Павлодар әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі.