Елімізде қанша балаға коронавирусқа қарсы екпе салынады?

0
553

Сондай-ақ еліміздің бас дәрігері балаларды вакцинациялау бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қолға алуды тапсырды.


Елімізде қанша балаға коронавирусқа қарсы екпе салынады?

ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, қайта вакцинациялау 22 қарашадан басталады, деп жазады baq.kz.

"Балалар, жүкті және емізулі әйелдерді коронавирус инфекциясына қарсы вакцинамен қамтамасыз ету мақсатында 4 млн 230 мың доза екпе сатып алынды. Бұл 2 млн 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді. 12-17 жастағы балалар, жүктіліктің 16-37 аптасындағы әйелдер мен босанғаннан кейін 42 күн өткен емізулі аналарға вакцина салынады", - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Сондай-ақ еліміздің бас дәрігері балаларды вакцинациялау бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қолға алуды тапсырды.

"Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне министрліктермен бірігіп педагогтар, ата-аналар мен кәмелетке толмаған балалардың өзге де өкілдерін коронавирусқа қарсы вакцинациялау мәселесі бойынша ақпараттандыру қажет. БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы індетке қарсы екпе салудың кең ауқымдағы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын", - деді Алексей Цой.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында вакцинациялау қарқыны бойынша көш басында тұрғаны туралы жазған болатынбыз.