Жалпы науқастардың арасында 171 адамның ахуалы нашар.
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 30 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта 25 053 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 108-і - бала. Ауруханаларда 5 364 науқас бар, амбулаториялық деңгейде 19 689 адам ем алуда.
Жалпы науқастардың арасында 171 адамның ахуалы нашар, 28-нің жағдайы өте ауыр, 42-сі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.