Елордада 15 жасар бозбала қатты мас болып, ауруханаға түсті

0
681

Жасөспірім 0,5 литр арақ ішкен.


Елордада 15 жасар бозбала қатты мас болып, ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Жасөспірімдер ісі жөніндегі полицейлер жасөспірімдерді мас күйде ұстап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жасөспірімдер дүкеннен бір бөтелке арақ сатып алып, Сарыарқа даңғылының бойында ішімдік ішкен. Олардың бірі қатты мас болып, ауруханаға түскен.

15 жастағы жасөспірім 0,5 литр арақ ішкеннен кейін жағдайы нашарлаған.


«Аталған факті бойынша инспекторлар жасөспірімдерді тергеп, олармен профилактикалық әңгімеле жүргізді. Олардың заңды өкілдеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 440-бабы бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Тергеу барысында олардың спирттік ішімдікті бірлесіп ішу үшін дүкеннен сатып алғаны белгілі болды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінен.


Жасөспірімдерге алкогольдік ішімдік сатқан дүкен иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 200-бабы бойынша хаттама толтырылды. Жинақталған материал Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.