Елордада асфальт опырылып, автокөлік шұңқырға түсіп кетті

0
760

Астана су арнасының қызметкерлері шұңқырды топырақпен көміп тастады


Елордада асфальт опырылып, автокөлік шұңқырға түсіп кетті

ERNUR.KZ. «Астана су арнасы» МКК Жағалау ауданындағы шұңқыр мен автокөлік туралы ресми ақпарат берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде оқиғаның фотосуреттері жарияланды және Астана су арнасы бұл хабарды растады.

«2019 жылдың 31 желтоқсанынан 2020 жылдың 1 қаңтарына қараған түні шамамен сағат 1:30-да Жағалау ауданында сауда үйінің маңындағы су құбырының құдығын су шайып, бетіндегі топырақ опырылды. Шұңқырға түсе жаздаған көлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ, көлікке де зақым келмеген. Оның ешкімге шағымы жоқ. Келесі күні таңертең Астана су арнасының қызметкерлері шұңқырды топырақпен көміп тастады», - деп жауап берді «Астана су арнасы» МКК баспасөз қызметі.