Елордада мас жүргізуші алты көлікті соқты (видео)

0
645

Апат салдарынан ешкім жапа шеккен жоқ.


Елордада мас жүргізуші алты көлікті соқты (видео)

ERNUR.KZ. Елордада мас күйде көлік басқарған жүргізуші көлік тұрағында тұрған 6 көлікке зақым келтірді, деп жазады ҚазАқпарат.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сай, 16 сәуір күні 01:00-де 33 жастағы жүргізуші мас күйде «Киа» маркалы көлікпен келе жатып, Бөгенбай көшесінің бойындағы көлік тұрағында тұрған 6 көлікті соққан.


«Апат салдарынан ешкім жапа шеккен жоқ. Осы іс бойынша жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Сот үкімі бойынша жүргізуші кінәлі деп танылды. Ол 20 тәулікке қамауға алынады және 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды», - делінген хабарламада.