«ERTIS» футбол клубының директоры сотталды

0
498

193 млн. астам теңгеге төленбеген салықтар түрінде залал келтірген.


«ERTIS» футбол клубының директоры сотталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «ERTIS» футбол клубы» қоғамдық қорына қатысты бюджетке салықтарды төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Аталған ақпаратқа сүйенсек, тергеу барысында 2019 жылы «ERTIS» футбол клубының директоры салық органдарына бұрмаланған деректері бар мағлұмдаманы ұсынғаны анықталды. Сол арқылы мемлекетке 193 млн. астам теңгеге төленбеген салықтар түрінде залал келтірген.

«Клуб директоры 3 жыл бойы қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды иелену құқығынан айырыла отырып, 1 жылға сотталды. ҚМА ҚР ҚК-тің 245-бабына сәйкес бюджетке салықтарды және өзге де төлемдерді өтеуден жалтару үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады», - делінген агенттік ақпаратында.