ІІМ: Күнделікті өмірдегі қылмыстардың көбі мас күйде жасалады

0
421

Еліміз бойынша 778 орынға арналған 35 уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы жұмыс істейді. Орысша айтқанда – «медвытрезвитель».


ІІМ: Күнделікті өмірдегі қылмыстардың көбі мас күйде жасалады

ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Айтуынша, тек зорлық-зомбылық құрбандарымен ғана емес, құқық бұзушылармен де қайта оңалту жұмыстарын жүргізу қажет.

Осыған байланысты, сізден Денсаулық сақтау министрлігіне психикалық-түзету курстарын қолданудың алгоритімін әзірлеп, тиісті мамандар дайындау жұмыстарын ұйымдастыруды тапсыруды сұраймын, - деді министр Үкімет басшысына.

Сондай-ақ ол күнделікті өмірдегі тұрмыстық зорлық-зомбылықты ішімдік ішкендер жасайтынын айтты.

Күнделікті өмірдегі қылмыстардың көбі мас күйде жасалады. Бірақ «мас дебоширлерді» оқшаулау мәселесі әлі шешілген жоқ. Еліміз бойынша 778 орынға арналған 35 уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы жұмыс істейді. Орысша айтқанда – «медвытрезвитель». Бұл өте аз. Мысалы, Өскеменде 20 төсек-орынға арналған бір ғана мекеме жұмыс істейді. Ал полицейлер жеткізген 7 мың құқық бұзушының, 5 мыңы ғана орналастырылған. Сол сияқты Павлодарда 24 төсек-орны бар бір ғана мекеме бар. Көкшетауда мүлде жоқ. Жалпы еліміз бойынша 594 орынға арналған тағы 32 мекеме қажет, - деді Марат Ахметжанов.