IV тоқсанда елордалық оқушылар қашықтан оқиды

0
1 839

​Тек 9-11 сынып оқушылары ғана аралас форматта білім алады.


IV тоқсанда елордалық оқушылар қашықтан оқиды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева IV тоқсанда астаналық оқушылар қашықтан оқитынын айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Ол соңғы тоқсан 1 сәуірде басталанынын атап өтті.


«Карантин талабының күшеюіне байланысты қаладағы барлық мектеп меншік нысанына қарамастан қашықтан оқиды. Мектеп бітіруші 9, 10, 11-сынып оқушылары ғана аралас форматта білім алады. Пәндердің 70%-ы дәстүрлі, 30%-ы қашықтан оқытылады. Сыныптағы оқушының саны 15-тен аспауы керек», - деді Бағлан Сматаева елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.