Із-түзсіз жоғалған ақмолалық Нұр-Сұлтанда аурханадан табылды

0
696

Әйел маусымның 15-де үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.


Із-түзсіз жоғалған ақмолалық Нұр-Сұлтанда аурханадан табылды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында жоғалған 40 жастағы әйел Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханадан табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, Ерейментау аудандық ПБ-не жергілікті тұрғын, 40 жастағы әйелдің туыстары хабарласып көмек сұраған. Туыстарының сөзінше, әйел маусымның 15-де үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

«Жедел-іздестіру кезінде тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған әйелдің елордағы медициналық мекемелердің бірінде болғанын анықтады», - дейді ведомстводан.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері 12-ші маусым күні жоғалған Степногор қаласының тұрғыны 27 жастағы әйелдің жүрген жерін анықтады. Әйел үйінен кеткеннен бері жақындарымен байланысқа шықпаған.

«Анықталғандай, әйел Қарағанды қаласында болған, оған қатысты қылмыс немесе қандай да бір құқық бұзушылық жасалған жоқ. Онымен профилактикалық әңгіме өткізілді», - деп толықтырды ведомстводан.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары өңір тұрғындарына ұзақ уақытқа басқа жаққа кеткен кезде жақындарына ескертуді сұрайды.