Кәмелетке толмаған ұлына көлік жүргізуге рұқсат берген қызылордалыққа 50 АЕК айыппұл салынды

0
1 409

2003 жылғы баласына көлік жиі жүретін күре жолда машинасын жүргізуге рұқсат берген.


Кәмелетке толмаған ұлына көлік жүргізуге рұқсат берген қызылордалыққа 50 АЕК айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысының 40 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған баласына автокөлікті жүргізуге берген, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталмыш оқиға «Самара-Шымкент» тас жолының бойында орын алған. 40 жастағы облыс тұрғыны 2003 жылғы баласына көлік жиі жүретін күре жолда машинасын жүргізуге рұқсат берген.

«Бұл жөнінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 128-бабында көрсетілген. Онда «Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту» жағдайы екені көрсетілген. Осыған байланысты Жалағаш аудандық соты 6 ақпанда қаулы шығарды. Қаулы бойынша құқық бұзушы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 128-бабымен кінәлі деп танылды. Оған елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Ол 120 250 теңге шамасында», - деп жазылған Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, құқық бұзушы ата-ана ішкі істер органдарының есебіне алынатын болады.