Қарағанды ​​тұрғынынан 76,5 миллион теңгенің заты тәркіленді

0
602

Өзімен бірге алып жүрген рюкзагының ішінен салмағы 750 грамм болатын есірткі салынған полиэтилен пакет табылған.


Қарағанды ​​тұрғынынан 76,5 миллион теңгенің заты тәркіленді

ERNUR.KZ. Полицейлер Қарағанды тұрғынының үйінен бес келіден астам есірткі тапты. Оның қара базардағы бағасы 76,5 миллион теңгені құрайды, деп жазады sputnik.kz.

Тәртіп сақшылары ер адамды 10 қазан күні ұстаған. Өзімен бірге алып жүрген рюкзагының ішінен салмағы 750 грамм болатын есірткі салынған полиэтилен пакет табылған.

"Содан кейін полицейлер ұсталған адамның үйінен бес келіден астам есірткі затын тауып, тәркіледі. Оның нарықтағы құны шамамен 76,5 миллион теңге", – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, күдіктінің үйінде синтетикалық есірткі зертханасының жұмыс істегені анықталды.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 1-бөлігі ("наркотикалық заттарды, психотроптық заттарды және олардың баламаларын сату немесе сату мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Егер айыпталушының аталған заңға қайшы әрекеті дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қарағанды қаласының полицейлері 4,5 тоннадан астам түрлі есірткі затын тәркілеген.