Баланың өліміне қатысты Қарағанды білім бөлімі жеке тексеру жүргізуде.
ERNUR.KZ. Қарағандыда асылып қалған жасөспірім табылды, деп жазады Stan.kz.
Patriotkaragandy мәліметінше, 13 жастағы жеткіншек спорт кешені маңындағы гараждар арасында асылып тұрған жерінен табылды. Ол Михайловкадағы мектептердің бірінде оқыған 7-сынып оқушысы. Тергеуші оқиғаның себептерін анықтайды.
Оқушыға мектептегілер жағымды мінездеме берді. Ол жақсы оқыды, сыныптастарымен дос болды, футболды жақсы көрген.
Баланың өліміне қатысты Қарағанды білім бөлімі жеке тексеру жүргізуде. Мұғалімдер мен сыныптастарынан жауап алып жатыр.