Қарағандыда тұрғын үйде газ баллоны жарылды

0
2 559

Қарағанды қаласының 21 ықшам ауданында 5 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде түнгі сағат 00.45-те газ баллоны жарылды.


Қарағандыда тұрғын үйде газ баллоны жарылды

ERNUR.KZ. Газ баллоны жарылғаннан кейін, бір бөлмелі пәтердегі үй жиһаздары жанған. Пәтердің қожайыны 26 жастағы ер адам күйіп, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Өрттің ауқымы 5 шаршы метр алаңды шарпыған. Тілсіз жау 01.19 сағатта ауыздықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz.


«ТЖД күшімен 1 адам құтқарылып 25 адам эвакуацияланды, олардың ішінде алты бала бар. Өрт орнына ТЖД -ның 40 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша 27 литрлік газ баллонының редукторынан газ тараған. Соның арты өртке ұласқан», – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.


Төтенше жағдайлар қызметі 2 қабаттан аспайтын тұрғын үйлерге газ баллонын пайдалануға тыйым салынатынын ескертеді.

Денсаулық сақтау басқармасы өрттен зардап шеккен ер адамның денесін 45 пайыз күйік шалғанын әрі жағдайының ауыр екенін мәлімдейді. Ол жансақтау бөлімінде ем алып жатыр.

Газ баллоны жарылған үйдің жылу жүйесі мен су беру желісі қалпына келтірілген.

Тұрғындар арасында басқа зардап шеккендер жоқ.