Қарағандыда жаппай төбелес болғаны хабарланды

0
662

​Ер адамдар пабта отырған, мекеме жабылған соң жанжал туындап соңы жаппай төбелеске дейін жетті.


Қарағандыда жаппай төбелес болғаны хабарланды

ERNUR.KZ. Қарағандыда болған жаппай төбелес салдарынан үш ер адам жарақат алды, пышақ тиген. Біреуі ауруханада жатыр, деп жазады sputniknews.kz.

Олар қаладағы барлардың бірінде отырған. Бірге бармағаны хабарланып отыр. Паб жабылған соң далада жанжал туындаған.

Оқиға орнына жеткен полицейлер төбелесті тоқтатты. Қарағанды облысы полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, жанжалға не себеп болғаны анықталып жатыр.

"Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы барларды ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Үшеуі жарақат алып, ауруханаға түсті. Біреуі ем қабылдап жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков.

Ауруханада жатқан ер адамның бауырына пышақ тиген. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты.

Қару қолданумен болған "бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.