27 жасар азамат жансақтау бөліміне түсті.
ERNUR.KZ. Қарағандыдағы көп қабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, бір адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Хабар24.
Жарылыс бесінші қабаттағы бір бөлмелі пәтерде болған. Дәрігерлердің айтуынша, 27 жасар азаматтың денесінің 45 процентін күйік шалған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.