"Қазақпыз ғой": Полицейге пара ұсынған жүргізуші ірі көлемде айыппұл төлейтін болды (видео)

0
1 324

Әкімшілік жауапкершіліктен қашқысы келген жүргізуші полиция инспекторына "қазақпыз ғой" деп, 2000 теңге ұстатқан.


иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші полицейге пара бермек болған. Қулығын асырмақ болған жүргізуші осы қылығы үшін 336 700 теңге айыппұл арқалады. Мұндай шешімді Мұнайлы аудандық мамандандырылған әкімшілік соты шығарды, деп жазады Tengrinews.kz.

Құқық қорғау органдары бұл оқиғаның видеосын ұсынып отыр. Ведомство мәліметінше, оқиға 20 маусымда "Ақтау-Жетібай" автожолының 16-шақырымында болған.

Газель көлігінің жүргізушісі Қ.Төлешовті жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін Маңғыстау облыстық ІІД ЖПҚ жол-патрульдік қызметінің инспекторы тоқтатқан. Әкімшілік жауапкершіліктен қашқысы келген жүргізуші полиция инспекторына "қазақпыз ғой" деп, 2000 теңге ұстатқан.

Артынша жүргізушіге қатысты хаттама толтырылып, 336 700 теңге айыппұл салынды. Ал полицей марапатқа ұсынылуы мүмкін.