Еліміздің Сыртқы істер министрлігі ресейлік тележүргізуші, режиссер Тигран Кеосаянды елге кіргізбеу туралы шешім қабылдады.
ERNUR.KZ. Министрліктің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша, мұндай шешім бірден қабылданған, деп жазады exk.kz.
Тигран Кеосаян Қазақстанға қатысты сөз айтқан бойда Сыртқы істер министрлігі оны нон-грата тұлғалар тізіміне енгізуді ұсынды. Бұл бастаманы тиісті ведомстволар сол күні қолдады. Енді аз қалды. Тек құжаттар ресми түрде рәсімделуі керек, деді Айбек Смадияров.
Әр мемлекет өз мүддесін қорғау үшін адамдардың "қара тізімін" жасай алады. Мәселен, шетелдік азаматты осы тізімге қосып, елге келуге тыйым салады.
Еске салсақ, бұған дейін ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаян елімізге "Украинаға қарап, ойланыңдар!" деп сес көрсеткен еді. Сосын оны Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед арандатушы деп, малға теңеген еді.