Қазақстан Қытайға астықты көбірек жөнелтуі мүмкін

0
429

Жаңа маусымда дәстүрлі түрде қазақстандық бидай мен ұн Орта Азия, Иран мен Ауғанстан нарықтарына жіберіледі.


Қазақстан Қытайға астықты көбірек жөнелтуі мүмкін

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қытайға жөнелтілетін бидай көлемі артуы мүмкін екенін айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Жаңа маусымда дәстүрлі түрде қазақстандық бидай мен ұн Орта Азия, Иран мен Ауғанстан нарықтарына жіберіледі. Астық сапасының жоғары болуынан Қытайға жөнелтілетін бидай (HI-Pro) көлемі артуы мүмкін", - деді Қарашөкеев үкімет отырысында.

Айтуынша, биыл дәнді дақылдар 15,9 миллион гектар алқаптан жиналады.

Облыс әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес, өнімділік гектарынан 10,1 центнер болғанда, дәнді дақылдардың болжамды жалпы түсімі шамамен 16 миллион тоннаны құрайды.

Министр өткен жылдардың ауыспалы қалдықтарын ескергенде, дәнді дақылдар өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.