Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық форумы келесі жылы Уфада өтеді – Путин

0
471

Биыл өңіраралық ынтымақтастық форумын Қостанай қаласы қабылдады. Екі ел президенттері іс-шараға Астанадан бейнебайланыс режимінде қосылды.


Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық форумы келесі жылы Уфада өтеді – Путин

ERNUR.KZ. Келесі жылы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы Уфа қаласында өтеді. Бұл туралы Қостанайда өтіп жатқан форум барысында Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Ресей мен Қазақстан серіктестігінде өңіраралық байланыстар маңызды рөл атқарады. Біз өңірлердің бір-бірімен ынтымақтасуға ұмтылысын одан әрі ынталандырамыз, өзара іс-қимылдың жаңа салаларын іздейміз. Сондай-ақ сіздердің барлық пайдалы бастамаларыңызды қолдаймыз", - деді Путин өңіраралық ынтымақтастық форумында.
Ресей президенті келесі жылы форум Ресейдің Уфа қаласында өтетінін айтты.
"2024 жылы кезекті өңіраралық форум Ресейде, Уфада өтеді. Біз сіздерді оған қатысуға шақырамыз, әрине", - деді Путин.
Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Тоқаев пен Путин пленарлық отырысқа Ақордадан бейнебайланыс режимінде қосылды. Биылғы форум ауыл шаруашылығы саласына арналған.
Айта кетейік, бүгін Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келді.