Қазақстан мен Түркия әскерилері өзара білім алмасады

0
834

Биылдан бастап Ұлттық қорғаныс университетінде Түркия Республикасының 16 әскери қызметшісі білім алып жатыр. Ал Түркияда 34 қазақстандық әскери қызметші оқиды.


Қазақстан мен Түркия әскерилері өзара білім алмасады

ERNUR.KZ. Бүгін Парламент Сенатының депутаттары "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заңын қабылдады, деп жазады baq.kz.

Келісімге 2018 жылғы 13 қыркүйекте Анкара қаласында қол қойылды.
Түркия Республикасы – Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі. Қазақстан халықтар арасындағы мәдени және тарихи жақындық жатқан Түркия елімен ынтымақтастығымызды дамытуға үлкен мән береді. Түркияның Қарулы күштері Қазақстанның қарулы күштерін қалыптастыру мен дамытудың бастапқы кезінде алғашқылардың бірі болып жан-жақты қолдау көрсетті. Осы уақытқа дейін екі мемлекет арасындағы әскери саладағы ынтымақтастықтың 1993 жылғы 8 тамыздағы әскери білім саласындағы, сондай-ақ 1994 жылғы 23 ақпандағы әскери ғылым, техника және білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде жүзеге асырылып келеді, - деді Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев.
Вице-министр жоғарыда аталған халықаралық шарттардың кейбір ережелері екі мемлекеттің қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмейтінін, сонымен қатар әскери саладағы іс-шараларды өткізу бойынша қаржылық шығыстармен қамтамасыз ету тәртібі көзделмегенін айтап өтті.
Осыған байланысты әскери ынтымақтастық саласында жаңа келісім жасасу туралы шешім қабылданды. Қарастырылып отырған келісімнің мақсаты – тараптар арасындағы тең құқықтық пен өзара теңділік қағидаттары негізінде әскери ынтымақтастықты дамыту. Келісім әскери даярлық пен оқытуды қоса алғанда бұдан бұрын қамтылмаған бірлескен оқу-жаттығыларды өткізу, картография, гидрография, топогеодезия қамтамасыз ету, әуе кеңістігі арқылы әскери мүліктің транзиті, медициналық көмек көрсету, заң құзыреттілігі мәселелерін көздейді, - деді Дәндібаев.
Қорғаныс министрінің орынбасары Түркия әскерінің әлемдегі жауынгерлік қабілеті мықты әскерлердің бірі екенін айтып, Қазақстан қарулы күштері Түркия қарулы күштерімен тәжірибесін зерделу мен қолдану үшін ынтымақтастық құралдарын пайдалануға мүдделі екенін айтты. Заңды қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржыны талап етпейді.


Дәндібаевтың сөзінше, биылдан бастап Ұлттық қорғаныс университетінде Түркия Республикасының 16 әскери қызметшісі білім алып жатыр. Ал Түркияда 34 қазақстандық әскери қызметші оқиды.