Өз-өзіне қол жұмсаудың 76 пайызы халқының табысы төмен және орта елдерде орын алады.
ERNUR.KZ. Орталық Азиядағы суицидтер саны бойынша Қазақстан бірінші орынды иеленді, деп жазады centralasian.org.
Душанбеде аймақ елдеріндегі өз-өзіне қол жұмсауды 30-жылдық бақылау нәтижелері бойынша дәріс өткізілді. Оның барысында "Орталық Азиядағы суицидтер: тәуекелдерді жүйелі зерттеу және қорғау факторлары" тақырыбында дәріс оқылды.
Баяндамада айтылғандай, жыл сайын бүкіл әлемде 1,5 миллионға жуық адам өзіне-өзі қол жұмсайды. Өз-өзіне қол жұмсау жағдайларының 76 пайызы халқының табысы төмен және орташа елдерде, ал оның 60 пайызы Азия елдерінде орын алады.
Орта Азия елдерінде өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларының саны бойынша Қазақстан көш бастап келеді (48,1), одан кейін Түркіменстан (15,8), одан кейін Өзбекстан (13,6) және Қырғызстан (13,4). Тәжікстанда бұл көрсеткіш басқа елдерге қарағанда төмен болса да, (7.2) ол елде де өсу үрдісі байқалады.
Америкалық Хьюстон-Даунтаун университетінің мұғалімі Шахназ Саванидің айтуынша, аймақта халық көбінесе ислам дінін ұстанатынына қарамастан өз-өзін өлтіру әрекеттері азаймай отыр.