Қазақстан тағы бірнеше елдің вакцинация паспорттарын жарамды деп таныды

0
543

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 26.10.2021 жылғы №48 Қаулысы шықты.


Қазақстан тағы бірнеше елдің вакцинация паспорттарын жарамды деп таныды

ERNUR.KZ. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 26.10.2021 жылғы №48 Қаулысы шықты, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қаулыға сәйкес, Аргентина Республикасында, Мажарстанда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында және Эстония Республикасында берілген азаматтардың вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп табылатын болады.


Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді