Қазақстанда алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болады

0
4 019

Қазгидромет синоптиктері 10-12 тамыз күндеріндегі ауа райына болжам жасады.


Қазақстанда алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстанда 45 градусқа дейін ыстық және жаңбыр болады деп күтіледі. Синоптиктер 10-12 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сібірдің батысынан созылып жатақан циклон және онымен байланысты фронталь бөліктер елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына әсер етеді. Солтүстікте, орталықта және Қазақстанның шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.

"Бұл аймақтардағы ауа температурасы түнде 8...15 градус, күндіз 17 ...22 градус болады. Республиканың қалған аумағында антициклонға байланысты құрғақ және жылы ауа райы сақталады. Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі", - делінген хабарламада.