Қазақстанда банктен несие алғандар саны артқан

0
489

2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша банк секторында 19,5 трлн теңге несие бар.


Қазақстанда банктен несие алғандар саны артқан

ERNUR.KZ. Қазақстанда жыл басынан бері несиелендіру көлемі 1 триллион теңгеден асты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ұлттық банк мәліметінше, 2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша банк секторында 19,5 трлн теңге несие бар. Ал 2022 жылдың 1 қаңтарында бұл көрсеткіш 18,5 трлн болған. Жыл басынан бері өсім 5,5% немесе 1,02 трлн жеткен.

19,5 триллион теңгенің 11,6 триллион теңгеден астамы (+8,3%) жеке тұлғалардың (жеке кәсіпкерлерді қосқанда), 8 триллион теңгеге жуығы (+1,7%) заңды тұлғалардың үлесіне тиеді.

«Аталған несиелердің басым бөлігі Алматыда – 8,7 трлн теңге, Нұр-Сұлтанда – 2,7 трлн теңге, Қарағанды облысында – 1,02 трлн теңге және Шымкентте – 1,01 трлн теңге берілген», - делінген хабарламада.

Одан кейін Ақтөбе – 609,8 млрд теңге, Атырау – 532,5 млрд теңге, Маңғыстау – 523,8 млрд теңге, Павлодар – 494 млрд теңге, Алматы – 483,9 млрд теңге және Қостанай облысы – 475,6 млрд теңге.

Несиенің ең аз көлемі Түркістан облысының банктерінде – 274,8 млрд теңге және Солтүстік Қазақстан облысында – 232 млрд теңге тіркелген.