Бас-аяғы 293 адам өндірісте жараланған.
Фото: © freepik.com
ERNUR.KZ. 2025 жылдың басынан бері Қазақстанда 40 адам жұмыс орнында қаза тапқан. Тағы 253 адам өндірісте жараланған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің мәліметіне сүйенсек, жұмыста жараланғандардың көбі Қарағанды, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген.
«2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірісте жараланғандардың саны 16,8 пайызға азайған», - дейді комитет.