Қазақстанда дәмхана мен мейрамханаларда қызмет көрсеткені үшін 10% алуға тыйым салынбақ

0
290


Қазақстанда дәмхана мен мейрамханаларда қызмет көрсеткені үшін 10% алуға тыйым салынбақ

Еліміздің сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев дәмханалар мен мейрамханаларда қызмет көрсеткені үшін келушілерден 10 пайыздық төлем алуға тыйым салынатынын айтты,деп жазады Stan.kz.



Мекеменің кіреберісінде қызмет көрсету шарттары жазылған ұсыныс қағаз бар. Егер сіз дәмханаға кірсеңіз, ондағы талаптармен келіскеніңіз. Сонымен қатар қазір ішкі сауда ережелеріне өзгертулер әзірлеп жатырмыз. Егер сізге қызмет көрсетілсе және оның ішінде қызмет ақысы да кірсе, сіз ешқандай қосымша ақы төлемейсіз. Қазір осындай ережелері талқылап жатырмыз”, – деді Арман Шаққалиев.

Министр мұндай өзгерістерді еліміздегі кейбір кәсіпкерлердің құп көрмейтінін айтты. Десе де аталмыш өзгерістер қазан айынан бастап енгізілмек.