Жыл басынан бері өрт салдарынан 251 қазақстандықтың ажал құшқан.
ERNUR.KZ. Елімізде өрт саны азайғанымен, одан зардап шеккендер мен қаза болғандар саны артты. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, өрт сөндіру-профилактикалық жұмыстарын атқаруға өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың күші жеткіліксіз, деп жазады Stan.kz.
Ильин бүгін болған үкімет отырысында жыл басынан бері өрт салдарынан 251 қазақстандықтың ажал құшқанын айтты. Тағы 217 адам түрлі деңгейде жарақат пен күйік алған.
Өткен жылмен салыстырғанда бұл 20% және 18%-ға көп.
"Биыл төтенше жағдайлар министрлігі өрт профилактикасы мақсатында ерікті өрт сөндірушілердің рөлін арттыру мәселесін көтерді. 47 ерікті өртке қарсы құрылым әділет органдарында ресми тіркелді. Бұл әкімдіктерге еріктілерді қоғамдық маңызды міндеттерді атқаруға жұмылдыруға мүмкіндік береді", – деп атап өтті министр.
Юрий Ильиннің пікірінше, еріктілердің маңыздылығын арттыру арқылы министрлік пен әкімдіктер, әсіресе ауылдық жерлерде өртті сөндіру үшін қосымша қордың көмегіне жүгіне алады.
Өз кезегінде премьер-министр Асқар Мамин ерікті өрт сөндірушілерге әлеуметтік кепілдеме мен жеңілдіктер қарастыруды тапсырды.