Тәулігіне 18 адам көз жұмған.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирус бойынша соңғы статистикалық мәліметтерді айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
"Бүгінде бізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 47 171 жағдайы тіркелген. Тәулігіне 1 452 (жаңа ауру). Өсім 3,2 пайызға жетті. Барлығы 232 науқас қайтыс болды. Тәулігіне 18 адам шамасында", - деді Цой Нұр-Сұлтандағы брифингте.