Қазақстанда коронавирус инфекциясынан көз жұмған адам саны 29-ға жетті.
Қазақстанда коронавирустан тағы 2 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
4 мамыр күнгі 22:20-дағы жағдай бойынша, Жамбыл облысында 1, Қарағанды облысында 1 адам індеттен көз жұмған. Осымен Қазақстанда коронавирус инфекциясынан көз жұмған адам саны 29-ға жетті.
Сонымен қатар, тағы 21 адам коронавирус жұқтырғаны хабарланып отыр.
Қазақстан бойынша барлығы - 4049:
Атырау облысы - 9,
Шығыс Қазақстан облысы - 1,
Жамбыл облысы - 4,
Батыс Қазақстан облысы - 1,
Алматы қаласы - 1,
Нұр-Сұлтан қаласы - 5.