Қазақстанда коронавирустан тағы 5 науқас көз жұмды

0
624

Қауіпті індеттен көз жұмғандар саны 118-ге жетті.


Қазақстанда коронавирустан тағы 5 науқас көз жұмды

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде коронавирустан тағы 5 науқас көз жұмды:

- Нұр-Сұлтан қаласында - 54, 64 және 78 жастағы ер адамдар;

- Ақмола облысында - 65 жастағы әйел;

- Алматы қаласында - 60 жастағы ер адам.

«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды «коронавирус инфекциясынан қайтыс болған» деп тіркеуге шешім қабылдады», - делінген ақпаратта.

Бүгінге дейін Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырудың барлығы 16779 жағдайы тіркелді. Оның ішінде жазылып шықты - 10671 адам, көз жұмды - 118 науқас.

Қайтыс болғандар бойынша өңірлердегі статистика:

Нұр-Сұлтан қаласында – 32
Алматы қаласынданда – 18
Шымкент қаласында – 13
Ақмола облысында – 8
Ақтөбе облысында – 1
Атырау облысында – 3
Шығыс Қазақстан облысында – 1
Жамбыл облысында – 1
Батыс Қазақстан облысында – 6
Қарағанды облысында – 10
Қостанай облысында – 2
Маңғыстау облысында – 2
Павлодар облысында – 13
Түркістан облысында – 8