Қазақстанда құрылысқа салынатын инвестиция азайды

0
674

​Қазақстанның 13 өңірінде құрылысқа құйылатын инвестиция көлемі қысқарды, деп мәлімдеді сарапшылар.


Қазақстанда құрылысқа салынатын инвестиция азайды

ERNUR.KZ. 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда құрылыс саласындағы негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 38,5 миллиард теңгені құрады. Бұл 2019 жылдың дәл осы кезеңіндегі көрсеткіштен 45,9%-ке төмен, деп жазады sputniknews.kz.

Сарапшылардың мәліметі бойынша, бұл осы уақытқа дейінгі ең төменгі рекордтық көрсеткіш болып отыр.

Инвестицияның азаюы ел аумағының көп бөлігінде – 17 өңірдің 13-інде байқалады. Бірінші орында Атырау облысы тұр, мұнда инвестиция 69,8%-ке, яғни 7 миллиард теңгеге қысқарған.

Бұл ретте, құрылыс секторындағы ауқымды инвестиция Алматыда тіркелген: 7,7 миллиард теңге. Павлодар, Түркістан және Қостанай облыстарында, сондай-ақ, Алматыда инвестициялық өсім байқалған.

Құрылыс саласын қаржыландырудың негізгі көзі – бизнестің жеке қаржысы.

Бұған дейін Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі республикадағы құрылыс құнының төмендейтінін хабарлаған болатын. Бұл құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті енгізген тетіктердің есебінен жүзеге асырылады.