Қазақстанда шетелдік нөмірмен жүрген көлік иелеріне қанша айыппұл салынды?

0
799

Қазіргі таңда республикаға Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейде тіркелген 170 мыңнан аса көлік кірген.


Қазақстанда шетелдік нөмірмен жүрген көлік иелеріне қанша айыппұл салынды?

ERNUR.KZ. Қазақстанда соңғы үш айда шетелдік нөмірмен жүрген көлік иелеріне 20 мыңға жуық айыппұл салынған. Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ресми жауабында айтылады, деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, Бас прокуратура комитеті мен Ұлттық банк жүйесіне қарасты Мемлекеттік несие бюросының бірлескен жұмысы нәтижесінде құқықбұзушыларды анықтау мүмкін болған.

"2019 жылдың 21 қазаны мен 2020 жылдың 27 қаңтары аралығында шетелдік нөмірі бар автомобиль иелеріне 19 920 айыппұл салынған. Фотовидеотіркеу камераларын қолданудың әсері ретінде жол қозғалысы ережелерін бұзу және қоғамдық тәртіпті бұзу деректері анықталған. Бұл ақпаратты оператор өңдейді -
ішкі істер органдарының қызметкері сақтандыру полисінің мәліметтерін ескереді",
- деді Бас прокуратура комитетінің өкілдері.

Былтыр қазан айында шетелдік нөмірі бар жүргізушілерге айыппұл салынатыны айтылды. Төлеу туралы нұсқама жеке тұлға мен көлік туралы барлық қажетті сәйкестендіру мәліметтері көрсетілген сақтандыру полисінің деректері негізінде жасалады. Сол кездің өзінде шетелдік нөмірмен жүрген автокөлік иелеріне салынған айыппұлдары саны 60 мыңнан асып кеткен. Полиция қызметкерлері 817 миллион теңгеге айыппұл салған, алайда осы соманың 765 миллион теңгесі төленбеген.

Еске салайық, қазіргі таңда республикаға Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейде тіркелген 170 мыңнан аса көлік кірген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, мұндай көліктер Қазақстанда жол қозғалысы ережесін 90 мыңнан аса рет бұзған. Айыппұл сомасы - 1,1 миллиард теңге.