Қазақстанда сирек металдар орталығы құрылады

0
426

Жаңа жобаны ғылым министрлігінің басшысы мен Кореяның өнеркәсіптік технологиялар институтының өкілдері талқылады


Қазақстанда сирек металдар орталығы құрылады

ERNUR.KZ. Қазақстанда сирек металдар орталығы құрылады, деп жазады sputnik.kz.

Сәтбаев университетінің Металлургия және байыту институты мен Кореяның өнеркәсіптік технологиялар институты арасында ғылым және технология саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Серіктестіктің негізгі мақсаты – Қазақстанда жоғары температура/реакцияларға қабілетті сирек металдар мен жоғары сапалы өнеркәсіп өнімдерін өндіру технологияларының ғылыми орталығын құру.
"Орталық екі елдің дамуы мен өркендеуіне септігін тигізетін озық тәжірибелер мен технологияларды әзірлейтін орынға айналады", - деп жазылған Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан хабарламада.
Бұл ірі жобаның ең басты бағыты – сирек металдарды корейлік материалдар мен бөлшектерді өндіру технологияларымен үйлестіре отырып, қазақстандық әзірлемелерді коммерцияландыру.
Жоба бес жылға жоспарланып отыр, ал оның бюджеті 10 миллион доллардан асады.
Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұл жобаны қадағалап, оны жүзеге асыруда қолдау көрсететінін айтты.
Ынтымақтастық қарым-қатынас негізгі бағыттарды қамтитын болады, атап айтқанда, ғылыми орталық құру жоспарларын әзірлеу және оны жүзеге асыру, орталықтың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті инновациялық технологиялар мен зерттеулерді дамыту. Меморандум ғылыми ынтымақтастық аясын айтарлықтай кеңейтіп, ғалымдармен өзара алмасуды, ғылыми семинарлар мен шеберлік сабақтарын өткізуді де көздейді.
Негізгі мақсат – соңғы нәтижеде жоғары технологиялық өнім алу және оны коммерцияландыру.