Әмір Омарханов Мексикада өтіп жатқан беделді турнирде жартылай финалға шықты

0
222


Әмір Омарханов Мексикада өтіп жатқан беделді турнирде жартылай финалға шықты

ERNUR.KZ. Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы, жасөспірімдердің әлемдік рейтингісінде 19-орындағы Әмір Омарханов Мерида (Мексика) өтіп жатқан бірінші санаттағы ITF Juniors J500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп жазады Zakon.kz.


Әмір турнирдің 1/4 финалында жасөспірімдер арасында әлемнің 49-ракеткасы, америкалық Бенджамин Вилаертті екі сет те 6:3, 6:3 есебімен таза жеңді.


Енді отандасымыз финалға шығу үшін жасөспірімдер арасындағы әлемнің 28-ракеткасы, франциялық Томас Фурелмен бақ сынасады.