Қазақстанда тағы 5 науқас коронавирустан қайтыс болды

0
932

Жалпы көз жұмғандар саны - 105.


Қазақстанда тағы 5 науқас коронавирустан қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус індетінен 5 науқас көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында - 1988 жылы, Қарағанды облысында - 1956 жылы, Алматы қаласында - 1962 және 1965 жылы және Ақмола облысында 1980 жылы туған 5 ер адам қайтыс болды.

Өлім нәтижесін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеді.

Қазақстан бойынша барлығы 105 адам коронавирустан көз жұмған.