Кадрда отандық шоу-бизнестің өкілдері Мақпал Жүнісова мен Сәкен Майғазиев көрінеді.
ERNUR.KZ. Жыл басынан бері Алматыдағы мониторингтік топтар 4000-ға жуық нысанды тексерді. Нәтижесінде карантиндік талаптарды орындамаған 29 бизнес өкілі сотқа жіберілді. Алматыда санитарлық дәрігерлер әншілер мен блогерлер қатысқан екі тойды тексеріп жатыр, деп жазады Stan.kz.
Олардың көпшілігі кафелер, мейрамханалар мен караоке-барлардың иелері. Маска режимін бұзғаны үшін адамдарға қатысты 214 хаттама жасалды, оларға сәйкес шамамен 9,5 миллион теңге айыппұл салынды.
Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті де қазақстандық әншілер мен блогерлер қатысқан іс-шарадан алынған видеоны тексеріп жатыр.
Кадрда отандық шоу-бизнестің өкілдері Мақпал Жүнісова мен Сәкен Майғазиев көрінеді. Тойға балуан, мәслихат депутаты Бейбіт Ыстыбаев та қатысты. Қазір салтанат қай жерде және қашан өткені нақтылануда.