Қазақстандық әйел елімізде туризмді дамыту үшін Боратты шақыруды ұсынды

0
1 367

​Қазақстандық Айнұр Нүсіпбекова елімізде туризмді дамыту үшін әйгілі британдық комик Саша Коэнді Қазақстанға шақыруды немесе қалалардың бірінде оның ескерткішін орнатуды ұсынды, -деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Қазақстандық әйел елімізде туризмді дамыту үшін Боратты шақыруды ұсынды

фото: ашық дереккөзен

Қазақстандық Айнұр Нүсіпбекова елімізде туризмді дамыту үшін әйгілі британдық комик Саша Коэнді Қазақстанға шақыруды немесе қалалардың бірінде оның ескерткішін орнатуды ұсынды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тourcenter.kz порталының негізін қалаушы Айнұр Нүсіпбекова бұл ұсынысымен әлеуметтік желіде бөліскен.

"Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан қазір өзін әлемге таныту үшін белсенді әрекет етуде, сол үшін арнайы Kazakh туризм ұйымы құрылып, елімізге туристерді тартумен айналысып жатыр. Бірақ, өкінішке орай, Қазақстанның басты проблемасы туристерді өзіне тарта алмауы ғана емес, жалпы көп жерлерде бізді ел ретінде ешкімнің танымауы болып табылады!", — деп жазады қазақстандық.

Нүсіпбекованың айтуынша, шетелдіктердің басым көпшілігі Қазақстан десе, Боратты еске түсіріп, бірден тани кетеді. Сол себепті ол Борат есімді кейіпкерді сомдаған актер Саша Коэнді Қазақстанға шақыруды ұсынады.